Жаңақорғанда «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Жаңақорғанда «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күні өтті

22.09.2022, 15:37

183 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын республика көлемінде өткізуді ұйымдастырды.

Осыған орай, «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Жаңақорған аудандық архиві филиалында «Архив құжаттары-болашақ ұрпаққа азық» атты танымдық конференция өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі, кент әкімінің орынбасары, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы, жастар ресурстық орталығының директоры, аудан әкімінің құжаттама бөлімінің маманы, агроколледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Шара барысында, күн тәртібі бойынша аудандағы тарихи маңыздың ескерткіштердің архив қойнауында сақтауда тұрған фотосуреттерінен «Тарихы тұнған шежірелі өлкеме саяхат» атты экспозициялық көрмені тамашалады. Қазақстан Журналистер Одағы және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» Айдархан Бибасарұлыны 85 жылдығына «Қаламы ұшқыр қаламгер» атты тақырыпта слайд сабақ өткізілді.