Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Шалқия кентінде орналасқан мекеме басшысынан мекеменің салынып жатқан электростанциясынан алюминийден жасалған құнды кабельдердің  ұрланғандығы туралы арыз түскен.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігі 1,3 – тармақтары бойынша (Ұрлық)  сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды.   

Орын алған ұрлық салдарынан мекемеге 56 797 824 теңге көлемінде шығын келтірілген.  

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ауданның 3 тұрғыны қолға түсті. Оларбір айдың көлемінде қымбат кабельдер мен металл өнімдерін ұрлап, Жаңақорған-Шалқия тас жолына дейін жаяу тасып, одан әрі кент орталығына ұрланған заттарды автокөлікпен жеткізіп отырған. Алюминий кабельдерін облыс аумағындағы металл қабылдайтын орындарға өткізген және көрші өңірлерге жіберіп отырған.  Ұрланған заттардың бір бөлігі айғақ зат ретінде тәркіленді. 

Күдіктілер Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.  Тергеу амалдары жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: