Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында өтіп жатқан облыстық VІІ «Ақ бидай» спартакиадасына өз мәресіне жетіп, жеңімпаз атанғандардың есімдері белгілі болды.

Спорттың 9 түрі бойынша өнер көрсеткен Қазалы ауданының құрамасы 80 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте ІІ орынға табан тіреді. Спартакиаданың соңғы күніне дейін көш бастаған ауданның құрамасы соңғы күні Жаңақорған ауданын алдыға шығарып алды.

Үшінші орынға Сырдария ауданының спортшылары жайғасты. Спартакиадада қазалылық спортшылар теннистен (ерлер мен қыздар), шағын футболдан (ерлер) алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, әр спорт түрінен жеңімпаз атанған командалар қазан айында Ақтау қаласында өтетін республикалық «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының спартакиадасында облыс намысын қорғайтын болады.

Тағы да оқыңыз: