**Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған *ауданының әкімі Мұрат Тілеуімбетов* аудандағы аграрлы-техникалық колледж жұмысымен танысты.**

Аудан әкімі ең алдымен оқу корпустарына аралады. Колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы Шауенов «Жас маман» жобасына жасақталған кабинеттер мен оқыту – технологиясын таныстырды.

«Біздің басты жаңалығымыздың бірі 2020 жылы «Жол картасы» жобасы аясында тарихы терең оқу орнына 60 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген колледжімізге Республикалық бюджеттен 500 303 мың теңге бөлініп түбегейлі күрделі жөндеуден өтті. Екінші жақсы жаңалығымыз 2021 жылы Республикалық маңызы бар «Жас маман» жобасына еліміз бойынша 795 оқу орны қатысып, оның ішінен 180 таңдалса, соның қатарына біздің колледж енгізілді. Бұл – біз үшін үлкен жетістік болды. Нәтижесінде колледждің материалдық базасын жаңартуға Республикалық бюджеттен 320 млн теңгеге «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Дәнеркерлеу ісі» мамандығына соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталды. Оқу процесіне арналған автокөлік, виртуальды көлікті басқарушы тренажеры, автомеханика саласына арналған диагностика, көлік моторының ақауын анықтайтын диагностика, токарлық станоктар, желдеткіштегі ақауды анықтайтын диагностикалық аппараттар алынды. Ақпараттандыру кабинетіне 26 моноблок компьютері сенсорлы экран тақтасы толықтай соңғы технология мен жабдықталды», – деді колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы.

Әрі қарай аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы студенттер жатақханасын, кітапхана оқырман залы мен АКТ зал, 200 орындық заманауи асхананы, «Тігін шеберханасының» оқу процесімен танысты. Атқарылған жұмыстарды көріп, колледж ғимараты ауласындағы тазалық жұмыстары мен абаттандыруға өзіндік бағасын берді.

Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы керемет бастамалардың атқарылған жұмыстары көзге айшықтай көрініп тұрғандығын айтты.

Аудан әкімі заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, шәкірттердің білім сапасын көтеріп, қоғамға оң серпіліс беріп, кәсіпорындарға мықты маман дайындай білу керек екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: