Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданның тұрғыны Ақбота Сыздықова «Facebook» әлеуметтік желідегі парақшасында Жаңақорған ауданы Байкенже ауылының әлеуметтік-экологиялық ахуалына зерделеу жүргізу жөнінде өтініш қалдырған болатын.

Осы өтінішке орай, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің филиал жетекшісі И.Мұсабаев және «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов аталған елдімекеннің тұрғындардарымен ашық алаңда кездесу өткізді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы М.Құрманбаев, аудан әкімінің орынбасары мен ауыл әкімі, сондай-ақ, шараға сол аймақтағы «Байкен-U» кәсіпорнының басшылары мен мамандары қатыстырылды.
Департамент басшысы М.Құрманбаев ашық алаңдағы кездесуде тұрғындардың экологияға, яғни, «Байкен-U» уран өндіруші кәсіпорынының қоршаған ортаға әсері туралы ақпараттар беріп, сауалдарға жауап береді. Ашық алаңдағы кездесуде Департамент басшылығының соңғы 7 айда тұрғындарымен үшінші рет кездесу екенін айта келе, алдыңғы кездесулердің кезінде қойылған мәселелердің орындалуы жөнінде түсіндерме берді. Сондай-ақ, алдағы уақытта өндіріс кәсіпорны ауыл орталығында қоршаған орта сапасын автоматты түрде анықтайтын құрылғы орнатылатынын хабардар етті.

Сонымен қатар, департамант маманы атмосфералық ауа құрамына өлшеу жүргізді. Барлық орын алған заңсыз әрекеттерге департамент тарапы шұғыл әрекет етуге қашанда дайын және жұртшылықты хабардар етуге бүгінде басымдық беріліп отырғандығын айтты. Қажеттілік туындаса, департамент басшысы шалғайдағы ауылдарға дейін өзі жеке баруға дайын екендігін білдірді.

Кәсіпорын тарапынан қоршаған ортаға әсерін бағалайтын, ауыл аймағындағы әлеуметтік-экологиялық ахуалға зерттеу жүргізу үшін 2020-2021 жылдары арнайы бағдарлама бойынша шаралар атқарылатынын, осы шараға ауыл тұрғындары мен қоғамдық ұйым өкілдерін қатыстыру қажет екендігі жөнінде кәсіпорын басшылығына ұсыныс беріліп, қолдау тапты.
Бұл ретте, тұрғындар жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі тараптар өткізетін кез-келген экологиялық сауықтыру шараларына қоғам өкілдерін көптеп қатыстырылса деген пікірлерін білдірді.

Тағы да оқыңыз: