Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудандық ауруханасы тағы бір аппаратпен толықты.

«КазГерМұнай» ЖШС БК компаниясының бас директоры Мұрат Мұстафаев аудандық ауруханаға Италияда жасалған 13 млн 925 мың теңге тұратын МАК жылжымалы рентген қондырғысын гуманитарлық көмек ретінде табыстады.

Табыстау шарасына Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов, облыстық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Анар Шүкірова қатысты.

Қазіргі таңда сұраныстағы қондырғы науқастар дертін дөп басуға көмектесетін болады.

Сондай-ақ, жаңақорғандық жеке кәсіпкер Нұрлыбек Закиров өз қаражаты есебінен ауруханаға оттегі концентратын сыйға тартты.

Жалпы, ауруханаға гуманитарлық көмек ретінде жыл басынан бері 2 дана ИВЛ аппараты, 53 дана оттегі концентраты, 10 дана пульсоксиметр құрылғысы және 1 жедел жәрдем берілген еді. Бұл құрылғылардың пандемия кезеңінде халыққа тигізген көмегі көп болды.

Тағы да оқыңыз: