Kyzylorda-news.kz. Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин коронавирус пандемиясына қатысты “Жоғары дайындық режимін енгізуге байланысты қойылған шектеулерді жою кезеңдері туралы” қаулыға қол қойды. Құжатта мәскеуліктердің жаңа жылдық мерекелерді қалай және қай жерде тойлайтындығы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, биылғы жылдың 13 қарашасынан 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін Мәскеуде барлық ойын-сауық шаралары тоқтатылады; кинотеатрларда, концерт залдарында және театрларда көрермендер саны мекеменің жалпы сыйымдылығының 25% -ымен шектелген; кафелер, мейрамханалар, түнгі клубтар, боулингтер, дискотекалар және басқа да осыған ұқсас мекемелер сағат 23-00-ден таңғы 6-ға дейін жабық болуы керек.

Осылайша, дәстүрлі өмірі түнгі 23-тен кейін басталатын түнгі клубтар толық жұмыс істей алмайды, сонымен қатар, 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін бұқаралық іс-шараларға тыйым салу жаңа жылдық корпоративті кештердің, сондай-ақ Жаңа жылды қарсы алуға арналған үлкен іс-шаралардың орын алуы екіталай екендігін білдіреді.

Тағы да оқыңыз: