Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға бірдей декларацияға көшудің алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2020 жылдың 10 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан республикада жалпыға бірдей декларациялау жүйесі енгізілді.

Кодексте жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.

Бірінші кезеңде активтер мен міндеттер жөніндегі декларацияны мына азаматтар тапсырады:

  • жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғалар және олардың жұбайлары;

  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген тұлғалар мен жұбайлары;

  • “Қазақстандағы сайлау туралы” Конституциялық заңға, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстандағы банктер және банк қызметі туралы, “Сақтандыру қызметі туралы”, “Бағалы қағаздар нарығы туралы” заңдарға сәйкес декларация ұсыну жөнінде міндет жүктелген тұлғалар.

Олар активтер мен міндеттер туралы деректерді 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетуі тиіс.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кіретін адамдар тұрғылықты жері бойынша декларацияны қағаз нұсқада 2021 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, ал электронды нұсқада 2021 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы қажет.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) тапсырғаннан кейін, осы санаттағы азаматтар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын кірістері мен мүліктері туралы декларация (270.00 СЕН) тапсырып отырады.

Тағы да оқыңыз: