Kyzylorda-news.kz. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазалы ауданының тұрғындары көптен күткен баспаналарына қол жеткізді.

Бүгін Әйтеке би кентіндегі 5 квартал аймағынан салынған 4 пәтерлі 10 тұрғын үйлердің кілттері табыс етілді.

Салтанатты рәсімге жиналған қауымды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен және Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге келген облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы мен Райкүл Мансұрқызы баспанаға ие болған тұрғындарға үйдің кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Тағы да оқыңыз: