Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы №4 қалалық емхананың медицина қызметкері Жанерке Мұсатаева вакцина – өзіңді қорғау арқылы басқа адамдардың денсаулығына қамқорлық жасайтын әрекет екенін айтты. Медицина қызметкері қызылордалықтарды вакцина алуға шақырады.

«Вакцина – өзіңізді қорғау арқылы басқа адамдардың денсаулығына қамқорлық жасайтын әрекет. Екпе салдырғаннан кейін сақтық шараларын да ұмытпаған абзал. Күнделікті желі, газет, телеарна арқылы бетперде тағудың, әлеуметтік арақашықтық сақтаудың, гигиеналық талаптарды орындаудың маңыздылығы айтылып жатыр. Дей тұрғанмен сақтық шараларына селсоқ қарайтын жандар аз емес. Бүгінде соның салдарынан ахуал күшейіп, науқастардың саны артып отыр. Сондықтан вакцина қабылдап кеселді дерттен қорғанып, ұжымдық иммунитет қалыптастырайық», – дейді Жанерке Мұсатаева.

Тағы да оқыңыз: