Kyzylorda-news.kz. Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы зақымданған жарылғыш заттар өртенді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты», – деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: