Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы халқының 72,1%-і вакцина алды.

Жалағаш аудандық ауруханасына «Гам-КОВИД-Вак» коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинасын егу 2021 жылғы 9 наурыздан басталды. Осы уақытқа дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасынан І тур – 14 300 доза вакцина, ІІ тур вакцинадан 11 300 доза келді. Аудан бойынша бүгінде 11 820 адам яғни 72,1 % вакцинамен қамтылды.

Вакцинаның ІІ компонентімен толық қамтылған адам саны – 7067 адам.

Халықты вакцинациялау жұмыстары аудандық емхананың егу бөлмесінде, жылжымалы медициналық кешенмен орталық алаңда және барлық елді мекендерде жүргізілуде. Сонымен қатар вакциналардың тасымалдау кезінде дұрыс сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ауруханаға компрессорлы автохолодильник алынды.

Тағы да оқыңыз: