Kyzylorda-news.kz. Бүгінде қоғам ауқымды өзгерісті басынан өткізуде. Осылай жедел жаңарып жатқан қоғамдағы ер азаматтардың орны мен рөлі, оның мойнындағы міндеттері қандай? Бүгінде жақсы әкеге қандай талаптар қойылады?

Осы мәселелер Жалағаш ауданында Аналар кеңесінің ұйытқысымен өткен кездесуде талқыланды. Кездесу басталмас бұрын қатысушылар отбасы құндылықтары туралы кітап көрмесін тамашалады.

Қызылорда облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова және облыстық іскер әйелдер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Манат Алмашева сөз сөйлеп, әке, бала, қоғам туралы пікір алмасты. «Әке – шаңырақ тірегі» атты жиын қатысушылардың көңілінен шықты. Себебі аудандық әкелер кеңесінің мүшелері өте белсенді және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне аса мән беретіндігі көңіл қуантты.

Жиын барысында әкелер кеңесіне атсалысып жүрген аудандағы бірқатар азаматтар марапатқа ие болды.

Қатысушылар ұрпақ санасын елжанды етіп қалыптастыру басты назарда екенін алға тартып, әр бала әкенің тәрбиесімен өсіп өнуі тиіс. Балалардың тәрбиесіне интернеттің зиянды әсері көп. Соның салдарынан отбасы институтын насихаттайтын, үлгілі отбасыларды елге танытатын және балаларға арналған қазақ тілді контент өте аз екендігі айтылды. Сонымен бірге қанша жерден жігерлі, мықты болғанымен, әйел адам әкенің тәрбиесін бере алмайды. Әкесімен сөйлесіп, сырласып, достасып, оның қолдауын сезініп өскен бала өз-өзіне сенімді әрі табысты болады. Халқымыз «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деген пікірлер айтылды. Осы ретте Аналар кеңесінің бастамасымен құрылған Әкелер кеңесінің маңыздылығы сөз болды.

Тағы да оқыңыз: