Kyzylorda-news.kz. Карантин ауылдағы кәсіпке жол ашып тұр. Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылында үш жігіт бірігіп, шлакоблок құятын цех ашты. Ауыл азаматтары бүгінде 10 мың дана шлакоблок өткізіп үлгерген.

“Еділ, Самұрат есімді екі құрдасыммен бірлесіп аштық. Жұмыс өнімділігіне лайықталып, қолдан жасалған аппарат сатып алдық. Ұзын саны 1 млн 200 мың теңгенің шамасында қаражат жұмсалды. Ауылда бұрынғы жем шығаратын зауыт ғимаратын жалға алып отырмыз. Жоғары кернеулі электр желісіне қосылғанбыз. Қазір қызыл және көк түсті шлакоблок құйюдамыз. Бағасы – 180-185 теңге. Жеткізіп беруге де мүмкіндіктер қарас­тырылған”, – дейді Қуаныш ­Қожахметов.

Құрылыста ғимаратты тез әрі тиімді тұрғызу үшін жасалған мұндай өнімдерге қазір сұраныс жоғары. Карантин уақытында ел ішінде кәсіп ашып, жұмыс бастап кетуге жағдай жасалған дейді олар.

Тағы да оқыңыз: