Kyzylorda-news.kz. Жалағаш кенті, Қазбек би көшесінің бойында балаларға арналған ойын және спорттық алаңының құрылысын салу жөнінде “Nomad Solar” ЖШС бас директоры Илья Чернодаров, аудан әкімі Асылбек Шаменов, “Тоталь Эрен Сервисез” ЖШС бас директоры Тьерри Плезан, “Жалағаш Даму” қоғамдық қоры төртжақты меморандум жасалды. Меморандум құны 40 мың АҚШ долларын құрайды.

Спорт алаңдары бұқаралық дене шынықтыру ойындарын, жарыстар мен спорттық жаттығуларды өткізуге арналған.

Айта кету керек, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің шығыс жақ бөлігінде жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында 30 мВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясын салу жұмыстары 2018 жылдың қазан айында басталып, 2019 жылдың қазан айында іске қосылды. Жобаның бастамашысы «Nomad Solar» ЖШС.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында кент аумағынан 164 га жер учаскесі табысталды. Күн электр станциясының құрылысы 75 га жер учаскесіне орналасқан.

Тағы да оқыңыз: