Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Әбжәлелұлы Ахмет Жалағаш ауданындағы карантиндік стационар болып ашылған «Ақтерек» сауықтыру лагерімен, провизорлық стационар ретінде дайындалған №246 орта мектеп ғимаратымен және мектеп жанындағы дәрігерлік пункт жұмысымен танысты. Лагерде 24 төсек орын, №246 орта мектепте 80 төсек орын дайындалған.

Жалағаш ауданындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты амбулаториялық жағдайдағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудан орталығындағы 4 мектептен және Ақсу ауылында орналасқан 116 орта мектептен дəрігерлердің тағайындалған жолдамасымен көмек алу үшін емшара бөлмелері ашылған.

Тағы да оқыңыз: