Kyzylorda-news.kz. Жалағаштағы 5 мектептен тұрғындарға тегін көмек көрсететін ем-шара кабинеттері ашылды.

Жалағаш кентіндегі №31 мектеп-гимназия, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей, №201 мектеп-лицей, З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп, Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептеріндегі ем-шара кабинеттері қажет болған жағдайда дәрігердің тағайындауы бойынша тұрғындарға тегін көмек көрсетеді.

“Аумақтық дәрігердің арнайы тағайындауы бойынша берілген рецептісі арқылы дәрі егу қажеттілігі туындаса, жоғарыда көрсетілген мектептердегі медбикелер дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін тұрғындарға дәрі егетін болады”,- делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Тағы да оқыңыз: