Kyzylorda-news.kz. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында соңғы 5 мәселемен тәртіптік істер қаралды. Бұл жолы Жалағаш ауданы әкімдігінің конкурстық комиссия мүшелерінің тәртібі кеңес талқысына түсті.

Аталған конкурстық комиссия бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жалпы конкурсты өткізу барысында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін үміткерге басымдық берген. Нақтырақ айтқанда, Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы конкурсына қатысушының жұмыс өтілі талаптарға сәйкес келмеген. Дейтұрғанмен, комиссия мүшелері жеткілікті жұмыс өтілі жоқ үміткерді хаттамалық шешіммен әңгімелесу кезеңіне жіберіп, одан кейін бос тұрған бас маман лауазымына тағайындауға ұсынған.
Конкурстық комиссия құрамында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшысы, бас инспекторы, бас маманы және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болған.

Тәртіптік істерді жан-жақты қараған Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін конкурстық комиссия мүшелеріне «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасын ұсыну жөнінде шешім етті.
Комиссия мүшесі болған Жалағаш ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы басқа лауазымға ауысуына байланысты, оған қатысты қозғалған тәртіптік іс тоқтатылды.

Тағы да оқыңыз: