Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында биыл 36 750 гектарға егiс орналастыру жоспарланды.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш 20400 га, күздік бидай 90 га, жаздық бидай 600 га, жүгері 72 га, жаздық арпа 30 га, мақсары 2098 га, жаңа жоңышқа 3960 га, ескі жоңышқа 6 800 га, картоп 500 га, көкөнiс 1000 га, бақша 1200 гектар.

Жоспарланған 600 га жаздық бидай, 2200 га мақсары, 3960 га жаңа жоңышқа дақылдары уақытылы агротехникалық талаптарға сәйкес орналастырылып, 90 га күздік бидай, 6800 га ескі жоңышқа күтімге алынды.

Сонымен қатар, бүгінгі күнге межелген 500 га картоптың 178 га (35,6%), 1000 га көкөністің 521 га (52,1%), 1200 га бақшаның 567 га (47,3%) орналастырылды.

Ауданда ағымдағы жылы тәжірибелік мақсатта 112 га жүгері, 30 га арпа дақылы орналастырылды. Бұл дақылдардан жоғары өнім алынған жағдайда алдағы уақытта көлемі арттырылатын болады. Әртараптандыру бағытында атқарылатын жұмыстар су тапшылығын алдын алуға өз септігін тигізеді.

Қазіргі таңда орналастырылатын 20 400 га күріш дақылының 10 469 гектарына (51,3%) тұқым себіліп, 8 852 гектары (43,4%) суға бастырылды.

Тағы да оқыңыз: