Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында 304 «Алтын алқа» және 592 «Күміс алқа» иегері бар. Алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толықты. Жалағаш ауданы әкімі Асылбек Шәменов ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 11 ананы « Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар», – деді Асылбек Шәменов.

Айта кетейік, қазіргі таңда ауданымызда 1230 көпбалалы ана есепте тұрады. Бүгінгі күні ауданда 52 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталса, 46 Батыр аналарымыз бар.

Тағы да оқыңыз: