Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында ғасыр жасаған әже Бәти Аманбаева №149 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Еңбек ардагері саяси науқанда өз таңдауын жасап, өзгелерге үлгі көрсетті. 102 жастағы Еңбек аулының тұрғыны Бәти Аманбаева 7 баланы тәрбиелеп, 25 немере, 14 шөпшек сүйді.

Жалпы ауданда 26 сайлау учаскесі, 21 мыңнан астам сайлаушы бар. Қазіргі уақытқа дейін сайлаушылардың 36,3 пайызы өз таңдауларын жасады.

Тағы да оқыңыз: