Kyzylorda-news.kz. Отбасы күніне орай Жалағаш ауданының орталық алаңында аудан әкімі Асқарбек Есжановтың қатысуымен мерекелік шара өтті.

Мерекелік шара Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы қойылымынан бастау алды. Қойылымда отбасы құндылықтарын дәріптейтін өнегелі көрініс көрсетіліп, отбасы мүшелерінің сыйластығы дәріптелді.

Аудан басшысы Асқарбек Темірбекұлы аудан халқын отбасы күнімен құттықтап, өмір баспалдағын алғаш аттап, отбасы атанып жатқан жас жұбайларға неке куәлігін табыстады.

«Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған киелі Жалағаш топырағы бірлігі бекем, татулық пен достықты ту еткен отбасыларымен ерекше мақтанады. Отбасылық құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтай білетін жарасымды жанұялар әрдайым біздің мерейіміз. Аудан бойынша биылғы жылы 116 жас отау шаңырақ көтерсе, 480 бала дүниеге келді. Ал, көпбалалы отбасылар саны 1200-ді құрап отыр. «Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен марапатталған аналар қатары да жыл санап көбейе түсуде», — деді аудан басшысы өз құттықтау сөзінде.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Тағы да оқыңыз: