Жәрмеңкенің басты бренді: Сырбойылықтар бас қалада 146 тонна ақталған күрішті саудаға шығарды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жәрмеңкенің басты бренді: Сырбойылықтар бас қалада 146 тонна ақталған күрішті саудаға шығарды

19.09.2020, 10:50

622 0

Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне сырбойылықтар 30 автокөлікпен 360 тоннаға жуық жоғары сапалы өнімдерін ұсынуда. Оның ішінде Сыр елінің басты бренді ақталған күріштің 146 тоннасы жеткізілген.

Айта кету керек, биыл қызылордалықтар еккен негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың гектарды құрап отыр.

Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқымдар себілген. 67,5 мың гектар егіс тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілсе, 65,6 мың гектары арам шөптерге қарсы өңделді. Облыста күрішке орақ салу жұмыстары 22 тамыздан басталды.

Бүгінгі күні 24 865 гектар күрішке орақ салынып, оның 16 898 гектары бастырылды. Әр гектарынан орташа 49,3 центнерден өнім алынуда. Биылғы жылғы әлемді жайлаған короновирус пандемиясына қатысты карантиндік шаралар мен орын алған суармалы су тапшылығына қарамастан Сыр елінің диқандары былтырғы көлімде өнім жинауын жоспарлануда. Егін жинау жұмыстарын 15 қазаннан кешіктірмей толық аяқтау көзделіп отыр.

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ

Суреттерді түсірген Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

0

Пікір қалдыру