Зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерінде қандай кемшіліктер бар? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерінде қандай кемшіліктер бар?

27.01.2021, 15:00

839 0

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы жылжымайтын мүлік бағасын ұстап тұруды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй нарығында пайдалану аясында кей өңірлерде баспана қымбаттауы мүмкін. Бірақ сарапшылар баспана бағасын ұстап тұру үшін әкімшілік әдістер жеткіліксіз деген пікірде.

Экономист Рахым Ошақбаевтың айтуынша, елімізде салынып жатқан баспана көлемін арттырып, құрылыс қарқынын ұлғайту керек.

Экономист Рахым Ошақбаевтың айтуынша, зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерінің осал тұстары бар. Мысалы, егер жаңа кешен «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен» кепілдендірілмесе, ережеге сай сіз ол жерден үлескер ретінде баспана ала алмайсыз. Мұндағы басты себептердің бірі аталмыш оператордың салымшыларға қатысты шектеулері бар. Салдарынан кейбір құрылыс компаниялары қордың қолдауын ала алмайды. Осылайша, жылжымайтын мүлік нарығының бұл бағытында ұсыныстар аз. Яғни зейнетақы жинақтарын пайдаланып, үлескер ретінде баспана алуға болатын тұрғын үй кешендерінің саны шектеулі. Сондықтан «осы сегменттегі таңдау аясын кеңейту керек» дейді Рахым Ошақбаев.

«Қазақстанда баспаналар көптеп салынып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде былтыр 3 миллион шаршы метр баспана бой көтерген. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Татарстан астанасы Қазан қаласында бір миллион шаршы метр үй салынған. Ондағы халық саны елордамен бірдей. Бірақ осы тұста жаңа баспаналардың ескі үйлерге қарағанда сапасы жоғары, ал бағасы қолжетімді екенін ескеру керек. Сондықтан құрылыс қарқынын ұлғайту керек деп есептеймін», – дейді экономист Рахым Ошақбаев.

0

Пікір қалдыру