Kyzylorda-news.kz. Enpf-otbasy.kz платформасына тағы бір функция қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Онлайн – платформада көптен күткен өзгерістер енгізілді. Енді, арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдері түскеннен кейін де, немесе өтініміңізді қайта өңдеуге қайтарған болса да қаражатты қолдану мақсатын өзгерте аласыз», – делінген хабарламада.

Жеке кабинетте өтінімнің мақсаттын қалай өзгертуге болады?

enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріңіз ;

Мақсаттын өзгерту қажет өтінімді таңдаңыз;

ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ- пернесін басыңыз;

Ұсынылған тізімнен жаңа мақсатты таңдаңыз;

ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ – пернесін (қызыл батырма) басу арқылы әрекетті растаңыз;

Өтінішке қол қою арқылы өтінім мақсаттын өзгертуді аяқтаңыз.

Яғни, енді жаңа өтініш жасау және мақсатты өзгерту үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ.

Тағы да оқыңыз: