Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елорда күніне орай Павлодар және Қызылорда облыстарының арасындағы «Ынтымақ» өңіраралық рухани байланыс телекөпірі өтті.

Оған екі облыстың шежіре тарихшылары, саясаткерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, «Серпін» бағдарламасына қатысушылар, жыршы-термешілер қатысты.

Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып жатқан шара  Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік өңірлері арасында өзара шығармашылық байланыс арттыруды көздейді.

Телекөпір барысында тарихшылар екі елдің тарихи байланысын кеңінен қозғайтын болады. Саясаткерлер жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударуда мемлекет жүргізіп отырған ұтымды мемлекеттік бағдарламалар мен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мәселесіне тоқталады. Мәдениет саласының қызметкерлері өңіраралық рухани байланысты нығайту бағытында бірлескен жоспарларға тоқталса, жастар елдегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі -«Серпін» бағдарламасы бойынша сапалы білім алып, тұрақты жұмыс орнын табуға зор мүмкіндік екеніне тоқталды.

Қызылорда облысынан облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Н. Наурызбаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Б. Ахметбек, дәстүрлі жыршы-термеші М. Сүгірбай, Қызылорда қаласының Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің 11-сынып оқушысы С. Піржан қатысты.

Павлодар облысынан Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары С. Османова, тарихшы, жазушы,Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің бөлім меңгерушісі Е. Қайыров, облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалының директоры Ж. Амантай,Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н. Қуатбек қатысып, ойын ортаға салды.

Тағы да оқыңыз: