Kyzylorda-news.kz. Індетке қарсы шараларға қатысқан қызметкерлер барлық салық түрінен босатылғаны жайында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тақиев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлай баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан қызметкерлер әлеуметтік төлемдердің барлық салықтарынан босатылды. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық әкімшілік бөлігінде барлық салықты және әлеуметтік жарналарды бюджетке міндетті төлемдерді төлеу мерзімі ұзартылды, сондай-ақ, салықтық және кедендік әлеуметтік төлемдерді мәжбүрлі түрде өндіріп алу жұмыстары 2020 жылдың 1 маусымына қалдырылды», – деді спикер. 

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде барлық салықтық тексерулер тоқтаған. Брифинг барысында вице-министр былтырғы жылдың міндеттемелері бойынша барлық салық төлеушілерге салық есептілігі қаулысының мерзімі осы жылдың 31 наурызынан 31 мамырға ауыстырылғанын айтты. Жоғарыда көрсетілген шаралардың барлығы жеті жүз мың салық төлеушіні қамтыған.

Тағы да оқыңыз: