Вакциналардағы алюминий альцгеймер ауруын тудырады – жалған ақпарат – Kyzylorda News
Басты бет

Вакциналардағы алюминий альцгеймер ауруын тудырады – жалған ақпарат

03.08.2021, 17:00

643 0

Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кейбір вакциналар құрамындағы алюминий оксидтері мен тұздарының зияны туралы бейнеролик таратылуда. Мұндай адъювант Альцгеймер, аутизм және басқа да аурулар тудырмақ-мыс. Шындығында, бұған ешқандай дәлел жоқ деп хабарлайды stopfake.kz.

Шын мәнінде, вакциналардағы тұздар немесе алюминий оксидтері денсаулыққа айтарлықтай әсер ете алмайды, өйткені олардың мөлшері өте аз. Құрамында алюминий бар адъюванттар суда ерімейді, қан тамырларына енбейді және бүкіл денеге таралмайды. Осылайша, алюминий негізіндегі адъюванттар денеге зиян келтіріп, аутизм мен Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін деп айтуға толық негіз жоқ. Бұл теорияны растайтын ғылыми дәлелдер де жоқ.