Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық жүргізуші куәлігін алушыларға хабарландыру.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандандырылған бөліміндегі автомат қорапты көліктің датчиктерінің істен шығуына байланысты «В» және «В1» санатындағы жүргізуші куәлігін алушылар үшін практикалық емтихан қабылдау осыған дейін уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі таңда ақау жойылып, көлік толық жөндеуден өтті. Енді аталған көлікпен практикалық емтихан тапсыруға еш кедергі жоқ.

Ал, механикалық қорапты көлік құралы қалыпты жұмыс істеп тұр.

Тағы да оқыңыз: