Kyzylorda-news.kz. Ұшақ салынып жатқан үйге құлады. Ол жерде ешкім болған жоқ. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков айтты.

Ерлан Әлібековтың айтуынша, апат болған жерде Алматы және Алматы облысының ТЖД, ПД, Ұлттық гвардия, жедел құтқару тобы, апаттар медицина орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 776 адам мен 119 техника жұмыс істеді. Сондай-ақ, Алматы қаласының 35 жедел жәрдем көлігі тартылды.

Оқиға орнына жедел құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

«Ұшақтағы 88 адамға көмек көрсетілді. Оларды ұшақтан шығардық. Қазіргі уақытта ауруханада 42 адам жатыр, оның 8 бала. Тағыда айта кететін жәйт, ешқандай жарылыс болған жоқ. Егер ұшақ жарылған болса, онда адамдарды аман алып қалу мүмкін болмас еді. Бұл жаңадан салынып жатқан үй болатын. Абырой болғанда оның ішінде ешкім болған жоқ»,- деді Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков.

Тағы да оқыңыз: