Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы қазақ анасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге облыс әкімі аппаратының бас инспекторы – комиссия хатшысы Қаламқас Каримова модераторлық етті. Басқосуға ҚР Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесі, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» РҚБ төрайымы Айнұр Жугунусова, қоғам қайраткері, еңбек ардагері «Темірбек Жүргенов» атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәпен Аңсат және Қорқыт ата атындағы университеттің оқытушы-профессорлары, зиялы қауым өкілдері, батыр аналар және студент-жастар қатысты.

Қатысушылар қазақ халқының ықылым заманнан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мол рухани байлығын және ұлттық құндылықтарын сақтап қалу мен насихаттаудағы қазақ аналарының орны мен рөлі тақырыптарында пікір алмасып, тұшымды ойлар айтылды.

Тағы да оқыңыз: