Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

21.01.2021, 11:00

463 0

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Ұлттық банкте Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды.

ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес құрылды. Бұл комитет Ұлттық банктің басқармасымен және директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады.

«Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық банк басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді», – делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Орта мерзімді перспективада комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады.

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің құрылуы инфляцияға бағытталған елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді және ақша-кредит саясаты шешімдерінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады.

Хабар 24

0

Пікір қалдыру