Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының дін істері басқармасы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға отырды.

Меморандум аясында мемлекеттік дін саясатын жүргізуші мамандардың, оның ішінде теологтардың, имамдардың, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін, коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында бірлескен оқу курстарын, семинар-тренингтерін, дөңгелек үстелдерді, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастырылмақ. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының субъектілерінің ақпараттық әсер ету технологияларындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, жүргізілетін профилактикалық жұмыстарда пайдаланылатын әдістемелік құралдар мен тәсілдердің мазмұндық, талдамалық сапасын арттыруға бірлескен ұсынымдар мен құралдар әзірленеді. Сондай-ақ қоғам өкілдерімен байланыс барысында ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету жұмыстары жүргізілетін болады.

Меморандум алдағы 3 жылға жоспарланды.

Шараға меморандумға қол қоюшы тараптар, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, облыстық дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері қатысты.

Тағы да оқыңыз: