Үкімет бизнесті қолдауға қатысты жаңа шаралар бекітті – Kyzylorda News
Басты бет

Үкімет бизнесті қолдауға қатысты жаңа шаралар бекітті

22.04.2022, 10:00

2797 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы жаңа шараларды енгізу мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Премьер-министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шараларға арналған кеңес өткізді. Отырыс барысында үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін жіті қадағалап отырғаны айтылды», – делінген хабарламада.

Отандық компаниялардың дамуын ынталандыру және әкімшілік жүктемені азайту үшін бірқатар жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға тап болған компанияларды жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін әзірлеу ұсынылады.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында сақтандыру сыйлықақыларына мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайту ұсынылады.

Сонымен қатар, отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беруді кеңейту ұсынысы қолдау тапты.

Премьер-министр айтылған және басқа да ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырғанын баса айтылды.