Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов амбулаториялық деңгейде емделетін науқастарға қор атынан тегін берілетін дәр-дәрмектер туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сақтандыру қорының басшысы осы уақытқа дейін екі келісімге қол қойылғанын айтып, қор есебінен қанша қаражат бөлініп жатқанын жеткізді. Сақтандыру қорының тарапынан бір адамға 48 мың теңге көлемінде қаражат бөлінетіні белгілі болды. 

“Амбулаториялық деңгейде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қор бірыңғай дистрибюьтор “СК-Фармациямен” келісім жасалды. Биылғы 2020 жылға бұл келісім екі бағытта. Бірінші бағыт міндетті медициналық кепілдендірудің көлемі 96 миллиард теңге көлемінде. Екінші бағыт бойынша денсаулық сақтау министрлігімен келісілген алдын ала келісімдерге 24,9 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету аясында 2020 жылдың алты айы ішінде 6,9 млн рецепт келіп түсті, рецеп құнын өтеу үшін 57,5 млрд теңге төленді. Медициналық сақтандыру қорының аясында орта есеппен әр науқасқа 48 мың теңге жұмсалды”, – дейді Төкежанов. 

Сонымен қатар, халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жағдайдың барлығы жасалғанын айтты. 

“Амбулаториялық деңгейде емделіп жатқан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету “СК-Фармация” арқылы жүзеге асырылып отыр. “СК-Фармация” өз тарапынан емханалармен келісім шартқа отыра алады. Қазіргі таңда барлығы 575 медициналық ұйым тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен айналысуда. Ересектер мен 18 жасқа дейінгі тегін дәрі-дәрмек алатын адамдар саны көбейтілді. Амбулаториялық деңгейде тегін алуға болатын дәрі-дәрмектер саны 50-ден 140-қа өсті”, – дейді Төкежанов.

Тағы да оқыңыз: