Kyzylorda-news.kz. ҚР Төтенше жағайлар министрлігі Жамбыл облысының Королевка кентіндегі әскери қоймада болған жарылыс туралы тың мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, төтенше оқиға кезінде жалпы ауданы 697 шаршы метр болатын қойма ғимаратын жалын шарпыған.

«Жарықшақтардың ұшу радиусы 2 шақырымға дейін жетті. Қазіргі мәлімет бойынша, қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған. Тағы бір мәлімет бойынша ауруханаға 90-ға жуық адам түскен. Оның 49-ы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері», – деп жаззылған ресми деректе.

Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.

Соңғы ресми деректер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапқан.

«Ең алдымен осы апатта, өрт сөндіру барысында қаза тапқан 4 әскери қызметшінің жақын туыстарына көңіл айтамыз және жарақаттанған қызметшілерге тезірек сауығып кетулерін тілейміз», – деді ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі ауруханада жарылыстан зардап шеккен 27 адам жатқанын хабарлады. Оның алтауының жағдайы ауыр. Жалпы ауруханаға 88 адам жүгінген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Жамбыл облысындағы жағдай бақылауға алынған жазған болатын.

Тағы да оқыңыз: