Тоқаев жедел ақша аударымына қатысты дауға нүкте қойды – Kyzylorda News
Басты бет

Тоқаев жедел ақша аударымына қатысты дауға нүкте қойды

15.11.2019, 15:20

478 0

Kyzylorda-news.kz. Ақмола облысындағы алқалы жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жедел ақша аударымдарына салық енгізу мүмкіндігі туралы мәселені де көтерді.

Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол соңғы күндері қоғамды қатты алаңдатқан жайттың бірі осы мәселе болғандықтан, оған Президенттің арнайы тоқталғанын баса айтады. Жасыратыны жоқ, оңтайлы әрі оңай болғандықтан, кейбір банктердің жедел ақша аударым жүйесі халық арасында кеңінен қолданысқа ие бола бастаған.

«Мемлекет басшысы бұл мәселенің мемлекеттік органдар тарапынан әлі де мұқият зерделеуді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты Президент бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауды тапсырды», – деп жазды Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.

Президент көмекшісі, сондай-ақ Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындауы тиіс кейбір жауапты органдар оны әдейі созбалап, сұйылтып жібергісі келетінін де атап өтті. Бұл пайдаланылмаған жерлерді мемлекет иелегіне қайтару, туристік инфрақұрылымды дамытуға және, әсіресе азық-түлік бағасының өсуіміне қатысты.

«Әкімдер бұл жұмыстан өз-өздерін шеттетіп тастаған. Бағаны делдалдар көтеріп жіберетіні жасырын емес қой. Мемлекет басшысы осы бағыттағы тапсырманы жауапты органдар орындалмай алғанын айтты және оған жауапты болғандарды жазалауды тапсырды», – деді Әшімбаев.

Ол Президенттің тапсырмасын орындамағаны, оған жүрдім-бардым қарағандардың барлығы толықтай жауап беретіндігін баса айтты.

0

Пікір қалдыру