Kyzylorda-news.kz. Кеңейтілген үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның Қазақстан экономикасына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz

Коронавирусқа қатысты шараларды талқылау үшін мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Ол жылдың басынан бастап ел экономикасының құлдырағанын айтып, қызмет көрсету саласының айтарлықтай зардап шеккенін жеткізді. 

“Бүгін біз коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз. Сонымен қатар, биылғы бірінші жартыжылдықтағы Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді. Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 пайыз)”, – дейді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы халықты қолдау үшін маңызды шаралар жүзеге асырылып жатқанын жеткізген. Алдағы уақытта экономиканы қалпына келтіру жұмыстары жалғасатын болады. 

“Халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық. Менің тапсырмам бойынша Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды. Бүгін Үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шараларын талқылаймыз”, – деді ҚР Президенті Қ.Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: