Kyzylorda-news.kz. Токио олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрислам Санаев қола медаль иеленді.

Кеше финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумарға жол берген Санаев жұбаныш белдесуіне шыққан. Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты. Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді.

Айта кетейік, бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі.

Тағы да оқыңыз: