Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигіБағдат Данилов және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Бауыржан Мастеков, «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Чебакова Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, өз құзыреттері және өкілеттіктері шегінде, азаматтық қорғау саласында профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету және жүргізу бойынша бірлескен іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында  меморандумға қол қойды

Олар меморандумда әріптестік қарым-қатынасты орнату және дамыту бойынша негізгі құжат болатындығына, «123-Шақыру» жаңа жобасыніске асыруға келісті. Жобада іздеу жұмыстарына волонтерлер мен жастарды оқытуды  қарастыратын болды.

Тараптардың әрқайсысы іскерлік байланысқа қолдау көрсетуге және олардың өзара қарым-қатынасының тиімділігін қамтамасыз ететіндігін  айтты.

Азаматтық қорғау саласында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда профилактикалық іс- шараларды, тұрғын секторында аула аралауға, көп қабатты үйлерде жиындар өткізуге, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылары арасында рейдтерді жүргізуге;

  • халыққа өрт қауіпсіздігі және судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша жадынамалар таратып, профилактикалық іс-шаралар өткізуге;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде өзара көмек көрсетуге;
  • азаматтық қорғау органдарының бейінді оқу орындарына түсу үшін, сондай-ақ жұмысқа тұру үшін оқушылар мен жастар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуге;
  • төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықтың дайындығын ұйымдастыруға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге атсалысып, ынтымақтаса тәжірибе алмасатын болды.

Тағы да оқыңыз: