Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға 42 мың теңгеден беріледі. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантин енгізілген кезеңде тек Алматының өзінде кәсіпорындардың қызметкерлер саны жалпы 266 мың адамға қысқарады. Дәл осындай жағдай жеке кәсіпкерлерден де байқалады. Олардың 80 пайызы өз қызметтерін тоқтатты. Осылайша, алдын ала есептеулерге сәйкес, ағымдағы жағдай шамамен 500 мың азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Сондықтан төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұлғаларға ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) төлем жасай бастауды тапсырамын», – деді ҚР Президент.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, жалпы мұндай көмекті кемінде 1,5 миллионнан астам адам алады.

«Қажет болған жағдайда соманы арттыруға, қамтуға және қолдау түрлерін кеңейтуге барлық резервіміз бар. Мемлекеттік комиссияға төлемдердің тиімді және ашық тетігін әзірлеуді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: