Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға араналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы филиалы қызметкерлері арасында ұйымшылдықты арттырып, командалық жұмысты дамыту мақсатында тимбилдинг өтті.

Облыс орталығындағы «Керуен» демалыс орнында өткен жиында қызметкерлер 5 командаға топтасып, өздеріне берілген тапсырмаларды орындады.

Филиал ұжымы осы шара аясында бір-бірлерімен жақын танысып, тығыз қарым-қатынас орнатуға да мүмкіндік алды. Өйткені құрылғанына 6 жыл толған корпорацияның бүгінде жұмыс ауқымы артқан. Осы аралықта мемлекеттік корпорация толағай жетістіктерге жетіп, қызмет көрсету айтарлықтай ауқымды бола түсті. Қазіргі таңда корпорация құрамына әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу салалары қосылып, мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы корпорация арқылы іске асатын болды.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Қызылорда облысы бойынша филиалында мыңнан аса адам қызмет атқарады. Барлық аудандарда және Байқоңыр қаласында Халыққа қызмет көрсету оралықтарының бөлімдері бар. Қазіргі таңда облыс бойынша бір мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету бөлімі бар болатын болса, алдағы уақытта Қазалы ауданында тағы бір мамандандырылған бөлім салынбақ.

Ал, облыс орталығында Халыққа қызмет көрсету орталығының 4 бөлімі бар болатын болса, оның біреуі жаңа заманға лайықталып салынған цифрлық кеңсе. Жақында ғана өңірімізге іс-сапармен келген

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин цифрлық кеңсе жұмысына оң бағасын берді. Басқа өңірлер біздің облыстан үлгі алып, қазіргі таңда осындай цифрлық кеңсе салуда. Өзге облыстардың филиалдарынан мамандар бізге келіп, кеңсе жұмысымен танысуда.

Жиында сөз алған филиал директоры Аида Әбибуллаева шараның мақсаты үлкен ұжымды ұйыстыру екенін атап өтті.

Шарада жоғары нәтиже көрсеткен командаларды филиалдың Кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапаттады. Сондай-ақ, корпорацияның филиалдары және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен министрлік қызметкерлерінің қатысуымен Ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында өткен спорттық сайыстарда жеңіске жеткен бірқатар мамандарға Кәсіподан ұйымының медалі табысталды.

Айта кетейік, корпорацияның ұйымдастыруымен өтетін «Бір команда – бір мақсат» атты республикалық спарткиадада биыл Сыр спортшылары лайықты өнер көрсетті.

Тараз қаласында өткен спартакиаданың оңтүстік аймақтық іріктеуінде қызылордалық «Қорқыт» қомандасы Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласын жеңіп, І орынды иеленген еді. Ақмола облысы, Зеренді қаласында өткен республикалық додада жерлестеріміз жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Одан кейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен министрлік қызметкерлерінің қатысуымен Ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында өткен спартакиаданың Арқан тартуда сайысында Мемлекеттік корпорацияның Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерінен құралған команда барлық қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, І орынды иеленді.

Тағы да оқыңыз: