Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл – ұлттық қазына» тақырыбында оқырман сағаты өтті.

Шараға тіл жанашырлары мен зиялы қауым өкілдері, «Жастар рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының еріктілері, жас кітапханашылар, студенттер қатысты.

Шара барысында қатысушылар ұлт ұстазы туралы дайындалған көрмемен танысып, бейнеролик тамашалады.

Оқырман сағатының бірінші бөлігінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Ж.Ерекешова, Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Боранбай «Ахмет тағылымы және тіл тазалығы», кітапхана қызметкері А.Серікбаева «1925-1929 жылдардағы ағартушылық қызметі» тақырыптарында хабарламалар жасады.

«Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Т.Бекмырзаев «Мәңгілік мәртебем» атты арнау өлең оқыды.
Оқырмандар өз ойларын ортаға салып, тіл жанашырларымен пікір алмасты. Оқырман жастар ақын-жазушылардың тіл туралы өлеңдерін оқыды. Ардагер ұстаз Торғаева Ділдахан Торғайқызы және ақын-журналист Рахмет Несібелі Төлтайқызы жастарға арналған ғибратты әңгімелерін ұсынды.

Тағы да оқыңыз: