Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы ЗК- 169/мекемесінің сәлем- сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген Б. есімді азаматтың әкелген азық-түлігін тексеру барысында, тыйым салынған зат анықталды.

Нақтырақ айтар болсақ, бір реттік қалтаға салынған ыстық палаудың ішінен фальга қағазына оралған 1- дана «HUAWEI» маркалы ұялы телефоны мен 1-дана «билайн» сим картасы табылды.

ҚР ҚК- ның 106-бабының 1-бөлігімен 8 жылға сотталған ағасына жаны ашып тыйым салынған затты өткізбекші болған бұл азаматтың өзі енді жауапқа тартылады. Өйткені, ұялы телефонды жасырып өткізбекші болған азаматтың үстінен ҚР- ӘҚБтК-нің 481бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды.

Тағы да оқыңыз: