Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекесінің бастығы, әділет майоры Қ.Ильясов және жеке құрам қызметкерлері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын бірге тыңдады. Жолдауды тыңдап болған соң, мекеме басшысы мен қызметкерлер қысқаша ой түйіндеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Жолдауында әділетті Қазақстанды құру жолында және жаңартылған Коститутцияны нығайту жолында атқарылатын негізгі реформаларды атап өтті. Олар Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуі, сыбайлас жемқорлықты жоюға, нашақорлыққа қарсы күреске, қоғамдағы, отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге назар аудару керектігі жайлы айтты. Яғни, бұл біздің құқық саласындағы жұмысымызға міндеттелетін жүктің салмағының артатындығын білдіреді. Сондықтан баршаңызды осы жолдауды қолдауға шақырамын», – деді мекеме басшысы.

«Маған бүгінгі Жолдауда бала күтіміне байланысты жәрдемақының 1,5 жылға ұзартылғаны ұнады.Бұл жас аналарға көрсетілген қолдау деп білемін. Сондай-ақ, биылғы балалар жылындағы ең басты жаңалық болашағымыз балаларымызға ұлттық қордан инвестиция салынатыны өте құптарлық. Сонымен қатар әйел азаматтарға зейнет жасының қысқартылатыны да дұрыс болды. Анам мемлекеттік қызметте. Зейнетке сәл болса да ерте шығатынына қуанып қалдым», – дейді әділет аға лейтенанты Нүркен Жансая.

Жолдауды тыңдаған қызметкерлер маңызды құжатта айтылған мәселелер егемен еліміздің дамуына тың серпін беретініне сенімді.

Тағы да оқыңыз: