Kyzylorda-news.kz. Қызылордада тергеу изоляторында «Ashyq» қосымшасы іске қосылды.

Елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректерді бақылау және талдауға арналған «Ashyq» қосымшасы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторында іске қосылды.

Мекеменің кіре берісіндегі бақылау бекетіне QR-код жүйесі орнатылды. Келушілер мобильді қосымшаны алдымен телефонға жүктеп, нөмірі бойынша тіркелуі тиіс. Кейін QR-кодты сканерлеп, ЖСН нөмірін енгізеді. Сол кезде 4 түстің бірі жанады. ПТР тест тапсырмасаңыз және вирус жұқтырмаған болсаңыз көк түс , ПТР тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен болса жасыл жанады. Ал, науқастармен байланыста болғандарға сары, короновирус жұқтырғандарға қызыл түс шығады. Сары мен қызыл түс жанған жағдайда келуші мекемеге кіре алмайды.

Осы статустардың көрсетілуі мекемеге келушілердің карантин уақытында жұмыс істеуге әрі келушілердің жазасын өтеп жатқандардың өміріне қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді.

Сондықтан мекеменің Азаматтарды қабылдау фронт офисінде Ashyq қосымшасы жайлы жазылған парақшалар қойылып, бекет қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: