Kyzylorda-news.kz. Оқу жылы аяқталуға жақын. Пандемия кезеңіне орай IV тоқсан қашықтан оқыту форматында аяқталады. Осыған орай 11-сынып оқушылары үшін бір мезетте кәсіби бағдар беруге арналған телесабақтар берілмек.

22 мамыр күні, сағат 11:00-де, (Қызылорда уақытымен 10:00-де) “Балапан” және “Еларна” телеарналарында телесабақтар ұйымдастырылады.

11-сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беріліп, жан-жақты ақпарат ұсынылады. Осы себепті барлық мектептің жоғары сынып оқушылары телесабақтар трансляциясын көруі қажет.

Айта кетейік, Қызылорда облысында 6060 оқушы 11-сыныпты аяқтайды.

Тағы да оқыңыз: