Телефон экраны күйіп кетпеу үшін не істеу керек – сарапшы кеңесі – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Телефон экраны күйіп кетпеу үшін не істеу керек – сарапшы кеңесі

24.01.2021, 15:00

467 0

Kyzylorda-news.kz. Кейінгі кезде смартфон экранының күйіп кетуі жиілеген. Оның себебін Hi-Tech Mail.ru басшысы Дмитрий Рябинин.

Оның мәліметінше, кейінгі бірнеше жылда экранның күйіп кетуі смартфон қолданушылары арасында үлкен мәселеге айналған. Оның себебі адамдар смартфонды жиі қолдана бастаған. Соның салдарынан екі жылдан кейін матрица жанып кетеді және экранда қандай да бір іздер пайда болады.

«Ең алдымен экранда ақ және көк болып тұратын аймақтар жанып кетеді, яғни пернетақта іздері қалып қояды. Сондай-ақ, экранның жоғары жағында сағат көрсетіліп тұратын аймақ күйіп кетеді», – деп түсіндірді Дмитрий Рябинин.

Сарапшы қазір дисплейді қалпына келтірудің ешқандай әдісі жоқ екенін атап өтті. Алайда телефон ұзағырақ қызмет етуі үшін бірнеше қарапайым тәсілі бар.

«Телефон экранына түс таңдаған кезде мүмкіндігінше қара-қоңыр фон қойған дұрыс. Ол смартфон жұмысының уақытын ұзартады. Сонымен қатар телефон қолданылмайтын уақытта экранның автоматты түрде өшуі үшін таймер қосу керек, яғни телефон бес минут қолданылмаса, өзі құлыпталып қалатындай ету қажет. Бұл да экранның жұмысын ұзартады», – деді маман.

Сондай-ақ, аса қажет болмаса экран жарығын тым жоғары етіп қоймау қажет. Телефонды сағат көріп отыратын құралға айналдырмай, үнемі фонда тұрған фотоны ауыстыру керек, ішінде бағдарламалардың орналасуын ауыстырып отырған жөн.

Сарапшының айтуынша, жаңа телефон сатып алар кезде сөреде тұрған құрылғыны таңдамаған дұрыс. Оның бағасы салыстырмалы түрде арзан болғанымен, ол біраз уақыт қосулы тұрған. Қандай да бір ақау бірден көрінбегенімен бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін.

Sputnik радиосына 

0

Пікір қалдыру