Талғат Дүйсебаев: Ұн өндіру комбинаты іске қосылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Талғат Дүйсебаев: Ұн өндіру комбинаты іске қосылады

20.10.2020, 17:00

244 0

Kyzylorda-news.kz. Сырдарияда ұн өндіру комбинаты іске қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев айтты.

Инвестициялық жоба Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарының негізінде бекітілген. Жоба инвесторы – «Аққұм Жер» ЖШС. Құны 80 млн. теңгені құрайды. Қуаттылығы – тәулігіне 60 тонна ұн өндіру. Комбинат іске қосылғанда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

«Жастар бригадалары» құрылады

Сырдария ауданының 7 елді мекенінде «Жастар бригадалары» құрылды. Негізгі мақсат ауылда жұмыссыз жастардың санын азайту. Бригада Айдарлы, Шіркейлі, Тоқмағамбетов, Ақжарма, Бесарық, Шаған және Ілиясов ауылдарында құрылды. 72 жас жұмыспен қамтылды. Инвесторлар жұмысшы жастарға айына 60-90 мың теңге еңбекақы төлеуде. Сондай-ақ, жастардың кәсіппен шұғылдануына «Тереңөзек жастары» қоғамдық қоры құрылып, қолдау көрсетуде. Аталған қор арқылы өз кәсібін бастағысы келген 22 жасқа мемлекеттік грантқа қатысу үшін 3,6 млн. теңге берілді.

42 отбасы баспаналы болады

Биыл Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде көпқабатты қос тұрғын салынуда. Жалпы 42 пәтері бар. Құрылысы тамыз айында басталды. Бас мердігері – «НұрТалап және К» ЖШС. Тұрғын үйлер жобасына 466 млн. 195 мың теңге қаржы бөлінген.Құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде. Ауданда 116 адам жұмыспен қамтылып, оның 58-і жұмыспен қамту бөлімі арқылы алынған. Кентте кезекте тұрған 520 отбасының 42-і баспаналы болады.

Жол жөндеуге 2,7 миллиард теңге бөлінді

Сырдария ауданының жолын жөндеуге биыл республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 2,7 млрд. теңге қаржы бөлінді.Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерінің 70 шақырымы, яғни 46 көше жөндеуден өткізілуде. 2019 жылдың 1 қаңтарына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 74 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, биылғы жылы 80 пайыз болды. 2021 жылы бұл көрсеткішті 92 пайызға жеткізу жоспарда бар. Бүгінгі таңда көшелерді жөндеуге байланысты 1,6 млрд.теңге көлемінде дайындалған 19 жоба бар.

Сырдарияда ауыз су толықтай шешілген

Сырдария ауданында елді мекендерді тәулік бойы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толықтай шешілген. Тек Жетікөл ауылында су сағаттап берілетін. Ауылды таза ауыз сумен қамту «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында шешімін тапты. Облыстық бюджеттен 144 млн. теңге қаржы бөлінді. Ауылда 152 тұрғын үй бар. Бағдарлама бойынша 18 жұмыс орны ашылды.

0

Пікір қалдыру