Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласындағы «Тағзым» алаңында бұдан 26 жыл бұрын Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.

7 сәуір 1995 жыл халқымыздың тарихында ерекше атаулы күндерінің бірі. Бұл күні қазақстандық Ішкі әскердің жауынгерлері Тәжік-Ауған шекарасында айбынды ерлік пен қайтпас қайсарлықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын.

«Кеудесін оққа тосып, өздерін жасындай өмірін тәуекелге тіккен жауынгерлердің ерен ерліктері қанша уақыт өткеніне қарамастан ел есінде, ұрпақ жадында сақталады»,- деді қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов.

Шара барысында Тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. Ерлікпен қаза тапқан жерлестердің рухына құран бағышталды.

Тағы да оқыңыз: